жұма, 20 қыркүйек, 2024 3:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көгадырда ойын алаңы пайдалануға берілді

Көгадырда ойын алаңы пайдалануға берілді
www.gov.kz
Жуырда Көгадыр ауылында балаларға арналған жаңа ойын алаңы қолданысқа берілді. Заманауи стандарттарға сай салынған бұл нысан ауылдың кішкентай тұрғындарына ерекше қуаныш сыйлады. Балалар енді өздерінің бос уақыттарын жаңа әрі қауіпсіз ойын алаңында өткізе алады.

Жалпы алаңы 225 шаршы метр болатын бұл алаңшаның құрылысын “Қаратаев” ЖК жүргізді. Жалпы жоба құны 6 миллион 310 мың теңгені құраған. Жауапты мекеме құрылыс жұмыстарын мерзімге сай 28 тамызда аяқтап, ресми түрде қолданысқа берілді.

Айта кетейік, Алға ауылдық округіне қарасты Көгадыр ауылында 196 тұрғын бар, оның 43- і 18 жасқа дейінгі балалар. Елді мекендегі жаңа ойын алаңы ауыл балаларының қуанышын еселей түсті, сонымен бірге бұл нысан ауылдың тұрғындары үшін үлкен маңызды оқиға болды.

Елді мекен тұрғындары мен балалардың игілігі үшін қолға алынған осындай игі іс-шаралардың жалғасуы болашақта ауылдың дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар