Көкпар федерациясының жаңа президенті тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 сәуір, 2025
- 246

Жиында ұлттық спорт түрінің жаңа даму кезеңі бекітіліп, өткен жылдың қорытындылары мен алдағы жоспарлар таныстырылған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Отырыс барысында федерацияның өткен жылға қорытындысы тыңдалып, биылға жоспары айтылды. Сонымен қатар Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Еркебұлан Ілиясов Көкпар федерациясының жаңа президентін тағайындау туралы ұсыныс білдіріп, Айдарбек Қожаназаров сайланды.
«Бауыржан Әбдірашитұлы өз еркімен құзыреттілігін тоқтатты. Саланың дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Осыған орай қазіргі Мәжіліс депутаты, Көкпар Федерациясының құрметті Президенті, ұлттық спорттың басы-қасында жүрген Айдарбек Қожаназаров сайланды», - деді Ілиясов.
Өз кезегінде көкпар федерациясының жаңа президенті сенім білдірген жандарға алғыс айтып, саланың дамуы үшін еңбек ететінін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Белгілі спорт журналисі Диас Ахметшәріп өмірден өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 22 мамыр, 2025
Қазақстанда 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 мамыр, 2025