Жаңалықтар

Көкшетауда 40-тан астам әскери қызметкер ауруханаға түсті

Көкшетауда 40-тан астам әскери қызметкер ауруханаға түсті

Ешқайсысы коронавирус жұқтырмаған, бірақ бірнеше адамнан менингококк бактериясы табылған. Ауру белгісі барлығында бірдей: қалтырау, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі. Науқастардың бірі өлуге шақ қалған. Дәрігерлер жедел қимылдап, жүрегі тоқтаған жігіттің есін жиғызыпты. Бөлімшеде шектеу енгізілді, қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.