Жаңалықтар

«Күлеке, Сізде арман жоқ»: Дана Нұржігіт анасынан айырылған Дәулет Мұқаевқа жан тебірентерлік жазба арнады

Ол Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевқа көңіл айтып, оның балалық шақтағы естелігін жазған

Белгілі тележурналист Дана Нұржігіт желідегі парақшасына жан тебірентерлік жазба жариялап, оқырмандардың жүрегін елжіретті, – деп  хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Журналист Дәулеттің қалам, кітап ұстағанын, құндақталы перзентіне қуанғанын, барын бергенін, Парламентте сөйлегенін көргенін, алайда бір-ақ күнде есейіп, анасының табытының соңынан аңырап бара жатқан Дәулетті көремін деп ойламағанын жасырмады.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары «Даулеттей ұлды тәрбиелеген анасына мың алғыс, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!», «Нағыз ер азамат!», «Анасында арман жоқ» деп пікір жазған.