Жаңалықтар

Көлік екіге қақ айырылған: Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтыс болды

Көлік екіге қақ айырылған: Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтыс болды

Оқиға бүгін, 27 қаңтарға қараған түні болған. Honda Civic маркалы көліктің жүргізушісі Саин көшесінде жоғары жылдамдықпен келе жатып, рульді тізгіндей алмай, электр желісінің бағанына соғылған. Қатты соққыдан көліктің түгі қалмаған. Көлікте болған үш адам оқиға орнында көз жұмды.