Жаңалықтар

Көлік салығын төлеп үлгердіңіз бе?

Көлік салығын төлеп үлгердіңіз бе?

Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталады. Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға ескерту жасады. Салық берешегін уақытылы өтемеген борышкерлердің мүлкі мен банк шоттары бұғатталып, елден шығуға шектеу қойылуы мүмкін. Елімізде ресми тіркелген 4 миллионнан астам көлік бар.