дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көлік жыры: Автонесие сайты 1 минут өтпей істен шықты

Көлік жыры: Автонесие сайты 1 минут өтпей істен шықты
ашық дереккөзі
Көлік жыры: Автонесие сайты 1 минут өтпей істен шықты
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдайтын сайт іске қосылғанан соң 1 минут өтпей ашылмай қалды. Өтініш беруге ниеттілер сағат 10:01-де сайтқа кіре алмағандарын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  
Бұдан бұрын көлік алу үшін жеңілдетілген несиеге өтінім қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де www.autonesie.kz  ресми сайты арқылы қабылданатыны хабарланған. Алғашқы 761 өтініштен кейін платформа автоматты түрде оларды қабылдауды тоқтатуы тиіс. Қазіргі уақытта банктерде шамамен 7,6 млрд теңге (бір автокөлікке 10 млн теңге) бар. Платформада тіркелгеннен кейін таңдалған автокөлік өндірушісін өзгерту мүмкін болмайды. Сондай-ақ сайтта тіркелмей несие алу мүмкін болмайды. Өтініштерді тек Қазақстан аумағынан беруге болады. Алайда өтініш беруге ниеттілер сайтқа кіре алмай дал. Платформаның істен шығуына өтініштердің шамадан тыс көптігі, яғни бір мезетте жүктеменің күрт артқаны себеп болса керек. Бірақ бұған дейін өткен брифингте жауапты органдар сайт қиындықсыз жұмыс істейтініне кепілдік берген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар