Жаңалықтар

Көліктер бензинге көшеді: Өзбекстан сұйытылған газ экспортын тоқтатты

Көліктер бензинге көшеді: Өзбекстан сұйытылған газ экспортын тоқтатты

Kun.uz

 жазуынша, 2023 жылғы 1 наурызына дейін сұйытылған газбен жүретін және мемлекеттік органдарға тиесілі көліктер бензинге көшеді. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды. Билік мынандай қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады:

  • барлық өндірушілер мен саудагерлерге сұйытылған газды экспорттауға тыйым салынады;
  • халықты табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда сұйытылған газ жеткізіледі;
  • су ресурстары министрлігі жүйесіндегі сорғы станцияларына электр энергиясын берудегі уақытша шектеулерді жыл соңына дейін ұзарту;
  • бензиннің, сондай-ақ бензин мен дизель отынын өндіруге арналған шикізаттың импортын арттыру;
  • АИ-80 маркалы бензиннің биржадағы саудасына делдалдық компаниялардың қатысуына жол бермеу;
  • АИ-80 маркалы бензиннің импортына акцизді және оны бөлшек саудада өткізуге акцизді есептеу және алу екі ай мерзімге тоқтатылды;
  • биржада сатылатын АИ-80 маркалы бензиннің тәуліктік көлемі ұлғайтылады.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 наурызға дейін сұйытылған газбен жүретін және мемлекеттік органдарға тиесілі көліктер бензинге көшеді.