Жаңалықтар

Көліктері соқтығысқан екі адам төбелесіп, бірі қайтыс болды

Атырау қаласында жергілікті «Дина» базарының маңында ер адамдар арасында жанжал шығып, олардың бірі қаза тапты, деп хабарлайды jambylinfo.kz. ztb_qaz-ке сілтеме беріп.

Куәгерлердің айтуынша, екі жігіттің төбелесуіне себепші көліктерінің соқтығысуы болған. Мәліметтер нақтыланып жатыр. «Күдікті әлі ұсталған жоқ», дейді оқиға куәгерлері.