жексенбі, 6 қазан, 2024 17:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Күн электр стансасы салынады

Күн электр стансасы салынады
ашық дереккөзі
Күн электр стансасы салынады
Айша бибі ауылдық округіне қарасты Қызылтаң ауылының қасындағы 110 гектарға орналасқан 50 мегаваттық «Айша күн шуақ» электр стансасы осы жылдың наурыз айында пайдалануға берілген. Станса басшысы Жандос Райбекұлының айтуынша, оның жылдық қуаты сағатына 92 миллион киловатты құрайды. Жобаның инвесторы – «Unigreen Energy» ЖШС, ал жоба операторы «АЕС Аsa» ЖШС болып табылады. Жобаның жалпы құны 20,8 миллиард теңгені құрайды. – Серіктестік алдағы уақытта тағы 20 мегаваттық күн электр стансасын салуды жоспарлауда. Оның мегаватын кезең- кезеңмен көбейту үшін Жамбыл ауданы аумағынан 300 гектар жер телімін алған, – дейді станса басшысы Жандос Райбекұлы. Құрылыс жұмысы өткен жылы басталып, жақында ғана пайдалануға берілген күн электр стансасының құрылысын украиналық «Родина» ЖШС жүргізген болатын. 110 гектар аумақты алып жатқан стансаға 100 мың күн панелі орналастырылған. Треккерлер жүйесі арқылы панельдер күн шығуына қарай қозғалып отырады. Бұл панельдердің бір артықшылығы екі жағынан да жұмыс істейді. Мәселен, қыс мезгілінде жерге түскен қардың күнге шағылысқан сәулесі арқылы да панель энергия қабылдауға қауқарлы. Бұл панельдер Ресей мен Қытайда шығарылған. Онда 15 адам еңбек етуде. «Бұл күн электр стансасының өзге стансалардан артықшылығы қозғалмалығында. Ондағы панельдер күн сәулесінен көп энергия жинап қана қоймай, күн көзінің бағытына қарай қозғалып, сәулені көбірек тартуға тырысады. Сонымен бірге қатты желге де төтеп бере алады. Қатты желде панельдер нөлдік деңгейге автоматты түрде қосылып, зақымданудан сақталады. Сол үшін оны үнемі бақылап отырамыз. Осылайша уақыт талабына сай автоматтандырылған жаңа күн электр стансасы қарапайымдылығымен де ерекшеленеді. Енді оның қуатын тағы 20 мегаватқа арттыру көзделіп отыр. Құрылыс жұмыстарын биыл бастау жоспарлануда», – дейді ол. Жұмыс сапарымен күн электр стансасында болған облыс əкімі Нұржан Нұржігітов табиғат көзінен электр энергиясын өндіруде біздің облыс алдыңғы орында екенін, республикадағы энергия өндірісінің 21 пайызын облысымыз құрап отырғанын айтып, бұл шаруаны өңірде дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар