бейсенбі, 3 қазан, 2024 18:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Күн райының өзгеруіне байланысты трассалар жабылады

Күн райының өзгеруіне байланысты трассалар жабылады
ашық дереккөзі
Күн райының өзгеруіне байланысты трассалар жабылады
QazAvtoJol күн райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу енгізді, деп хабарлайды Jambylinfokz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, Ақмола облысында сағат 20.30-дан бастап «Көкшетау – Атбасар» трассасында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды. Сондай-ақ сағат 22.00-ден «Астана – Көкшетау» автожолында («Астана – Щучинск – Көкшетау») шектеу енгізу жоспарланып отыр. QazAvtoJol-дан мәлім еткендей, күн райының нашарлауына байланысты Ақмола облысының жол мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қазіргі уақытта 30 арнайы техника жұмылдырылған. Жол қозғалысына қатысты қандай да бір сұрақпен тәулік бойы 1403 нөміріне хабарласуға болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар