Жаңалықтар

Күнде мандарин жесе не болады?

Күнде мандарин жесе не болады?

Дүкен сөрелерінде мандариннің түр-түрі толып тұр. Бұл жемісті күнде жесе, ағзада қандай өзгерістер болады? Мандариннің пайдасы Мандариннің отаны – Қытай. 19 ғасырдың басында Еуропаға жетіп, Испания, Марокко мен Түркияның негізгі өсіретін жемісіне айналған. Сондай-ақ, Абхазия мен Грузия, Франция, Япония, Үнді қытай елдері де өсіреді. Мандариннің мынадай пайдалы қасиеттері бар: Оның құрамында С дәрумені көп болғандықтан, ол иммунитетті қатайтуға көмектеседі. Күніне 2 мандарин жеу оның тәуліктік қажеттілігін өтейді; Ол қабынуға қарсы әсерге ие; Құрамында жасұнық көп болғандықтан, ол асқазан-ішек жолы процестерін жақсартады; Қандағы глюкоза деңгейін азайтады; Ол арықтауға көмектеседі. Мандариннің құрамындағы аскорбин қышқылы майлы тіндердегі тотықтандыру процестерінің белсенділігін арттырады және жаңа майлы жасушалардың қалыптасуының алдын алады. Күнде мандарин жесе не болады? Күніне 2-3 мандарин жеу жеткілікті. Оны аш қарынға жеу ұсынылмайды. Оны өте көп жеу жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін: Ол басқа да цитрусты жемістер секілді асқазан-ішек жолы қабықшасын тітіркендіруі мүмкін. Сондықтан кез келген қабынуды (мысалы, гастрит немесе асқазан жарасы) одан сайын ушықтыруы мүмкін; Мандарин аллергия беруі мүмкін. Мысалы, теріңізге бөртпе шығып, ол қышуы мүмкін. Себебі онымен бірге ағзаға аскорбин қышқылы, лимон қышқылы және фруктоза көп мөлшерде түседі; Мандариндегі белсенді заттар тіс эмалінің беткі қабатын бұзуы мүмкін. Сондықтан бұл жемісті кез келген тіс ауруы кезінде жеуге болмайды.