Жаңалықтар

Күннің ерте батуына байланысты сабақ уақыты қысқара ма?

Оқу-ағарту министрлігі нақты жауап берді

Мессенджерлерде күннің ерте батуына байланысты сабақ уақыты қысқаратыны туралы ақпарат тарады. Жауапты ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері күннің ерте батуына байланысты сабақ уақытын қысқарту жоспарда жоғын айтты. 

Бұл хабарлама Астанадағы ата-аналар чатында тараған. Редакция Астана білім басқармасына сауал жолдады.   

Еске салайық, 2024 жылғы 1 наурызда Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Бірақ тұрғындардың басым көпшілігі бірыңғай уақыт белдеуі кері әсер етіп жатқанын айтып, петиция жинады. 

Кейін Үкіметте уақыт белдеуіне қатысты дауға нүкте қойылды. 

Премьер-министр Олжас Бектенов неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырды.