Көп ұйықтау адам өмірін қысқартады
Ғалымдар барлық орган мен жүйенің жағдайы біздің ұйқымызға байланысты екенін дәлелдеді. Ұйқыны демалыс күндері қандыруды жөн көріп, сенбі-жексенбі де түске дейін ұйықтаймыз. Дегенмен дәрігерлер мұның адам өмірін қысқартатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Демалыс күндері ұзақ ұйықтау күн тәртібін бұзып, денсаулыққа кері әсерін тигізетіні белгілі болды. Дәрігер Зухра Павлованың айтуынша, бұл тұжырымға америкалық ғалымдар келген.
– Мұның бәрі циркадиялық ритмдердің, біздің жақсы және көңілді күйімізге жауап беретін биологиялық сағаттарымыздың жұмысы, – дейді эндокринолог.АҚШ ғалымдары егеуқұйрыққа тәжірибе жасаған. Оларды тамақтандыру тәртібін өзгертіп, кеміргіштердің бір бөлігі үшін жарықты әдеттегіден 6 сағат бұрын өшірген. Нәтижесінде, егеуқұйрықтар ұйқы кезінде қан қысымы төмендеп, инсульт қаупі артып, оған қоса өмір сүру ұзақтығы да азайған.
– Осындай жаңалықтан кейін демалыс кезінде әдеттегі күн тәртібін өзгерту керек пе деп тағы 10 рет ойлану керек, – дейді Зухра Павлова.Мұндай ұйқы тәртібі әйелдің денсаулығына қауіп төндіреді. Түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамның биологиялық сағаты істен шығуы мүмкін. Бұл "домино эффектісін" және ағзадағы маңызды жүйе бұзылуларына алып келеді. Мысалы:
- ұйқы мәселесі;
- психикалық денсаулық мәселесі;
- жүрек аурулары;
- семіздік;
- қант диабеті;
- онкология.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз