Кәрім Мәсімовтің тәркіленген зәулім үйі тағы да аукционға қойылды

Бұған дейін, 10 ақпанда Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі аукционға қойылып, өтпей қалған еді.
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің заулім сарайы қайта аукционға қойылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нұра ауданындағы жертөлесі бар екі қабатты зәулім үйді «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» сатып жатыр. Тиісті лот E-Qazyna электронды сауда алаңының сайтында жарияланған.
Екі қабатты үйдің жалпы ауданы – 2877,7 шаршы метр. Үйдің жанында әртүрлі көлемдегі бірнеше жер учаскесі бар, олардың біреуінде гараж орналасқан. Үй мүлікпен бірге сатылады.
Бастапқы бағасы өзгеріссіз - 1,8 млрд теңге. Кепіл жарнасы - 117,9 млн теңге.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 28 наурызға дейін
Аукционның басталу уақыты: 2025 жылғы 28 наурыз, таңғы сағат 10:00
Мәсімовтің бұл үйі ақпанның соңында да аукционға шығарылған, алайда оны сатып алушы табылмады.
Үй Астана қаласының Қараөткел шағын ауданында орналасқан. Екі қабатты үйде жертөле де бар. Ал үйдің айналасындағы аумақ көлемі - 1,2188 гектар.
Құжаттарға сәйкес, онда ресепшн, бассейндер, бильярд бөлмесі, бірнеше көлік тұрағы және ондаған бөлме бар.