Көрнекті мәдениет қайраткері Ғалым Доскен өмірден өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қараша, 2025
- 249
Белгілі әдебиет сыншысы, режиссер, мәдениет қайраткері Ғалым Доскен 65 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ғалым Доскен 2002-2006 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы болған. Отандық журналистиканың кәсіби деңгейін арттыру жолында аянбай еңбек еткен тұлға. Ғалым Төлембекұлы басшылық еткен жылдары эфирге шыққан «Күлтөбе», «Үзеңгі жолдас», «Ақжүніс», «Алтын сақа», «Шынның жүзі», «Мезгіл» сынды күллі көрермен көңілінен шыққан жобалар «Алтын қорымыздың» құнды мұрасы.
Ғалым Доскен «Сәулені күту», «Ұлы дала астаналары», «Маңғыстау қабірлерінің түсі», «Жоғалған жарық хроникасы» фильмдерінің, «Тоғыз құйрықты ақ түлкі», «Сиқырлы флейта», «Билейтін құс» кітаптарының, «Жезтырнақ» балеті либреттосының авторы. Соңғы жетекшілік еткен туындыларының бірі 2024 жылы түсірілген «Соңғы үкім» фильмі.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада Серік Еркімбековтің «Өмір желі» атты авторлық кеші өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2025
DAMUMED қызметтері бойынша заңбұзушылық анықталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2025




