Жаңалықтар

«Көрсең, көзің тояды»: Олимпиада жүлдегерлерінің бірге түскен суреті елдің ықыласына бөленді

Чемпиондар Астанада бас қосты

Париж Олимпиадасының чемпионы мен жүлдегерлері елордада жиналды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Президент Қасым -Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградаларымен марапатталған спортшылар Ақордада мемлекет басшысының қабылдауында болуы тиіс еді. 

Алайда, бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлағандай, спортшылардан ковид анықталуына байланысты кездесу кейінге шегерілген.

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов, грек-рим күресінен олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, Олимпиаданың қола жүлдегерлері Назым Қызайбай мен Ғұсман Қырғызбаев бірге түскен суреті желіде қызу талқыланып, елдің ыстық ықыласына бөленді. 

Спорт журналисі Аслан Қажкеновтің желідегі парақшасында жарияланған суретке оқырмандар ізгі тілектерін жазған.