дүйсенбі, 25 қараша, 2024 23:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Көрсең, көзің тояды»: Роза Рымбаева мен келіні Ақерке Бүркітбайдың сыйластығы елді сүйсінтті

«Көрсең, көзің тояды»: Роза Рымбаева мен келіні Ақерке Бүркітбайдың сыйластығы елді сүйсінтті
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Бүгін – Роза Рымбаеваның туған күні

28 қазан эстрада әншісі, актриса, профессор, Қазақстанның халық әртісі, Өзбекстанның және Қырғыз елінің еңбек сіңірген әртісі Роза  Рымбаеваның туған күні. Әнші туған күнін келіні екеуі атап өтіп жатыр. деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Роза Рымбаева мен келіні Ақерке Бүркітбай Алматыдағы демалыс орындарының біріне барған. 

"Анамыз екеуіміз жанға жайлы демалыс орнына келдік. Енді айына бір рет осылай, денсаулыққа көңіл бөлетін боламыз. Ал осы жерден шыққан соң отбасымызбен анамыздың туған күнін атап өтеміз",-деді Ақерке Бүркітбай желідегі парақшасына жүктеген видеосында. 

Ал Халық әртісі жұмыс деп жүгіре бермей, анда-санда демалып тұру денсаулыққа өте пайдалы екенін айтты. 

"Мына өмірде жұмыс істеп, барлық ақшаны таба алмайсың. Адам өз денсаулығын күту керек",- деді әнші. 

Айта кетейік, Роза Қуанышқызы 1957 жылы ШҚО, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келген.

 Шығармашылық жолында 1976-1979 жылдары республикалық «Гүлдер», 1979 жылдан бастап «Арай» эстрадалық ансамблінде солист болды. Дәл осы жылы Стамбулда өткен халықаралық әншілер байқауының лауреаты атанды. Ал 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық байқауынан бас жүлдемен оралды. Әнші 1977 жылы Болгарияда өткен «Алтын орфей» халықаралық фестивалінде Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындап, одақ көлемінде танымалдыққа ие болды.

Роза  Рымбаева «Халықтар достығы», «Парасат», «Тарлан», «Құрмет» (Ресей, 2002), «Құрмет» (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар