Жаңалықтар

Көршісінің 20 миллион теңгесін ұрлаған ер адам ұсталды

Көршісінің 20 миллион теңгесін ұрлаған ер адам ұсталды

Оқиға Қосшы қаласында болған. Жәбірленуші 1 жыл бойы жинаған 20 млн теңге ақшасын жатын бөлмесінде сақтаған. Ұрлық болған күні үйде ешкім болмаған. Күдікті есікті бұзбай, үйге кілттердің көшірмесін пайдаланып кірген. Полиция ер адамды екінші күні Қарағанды қаласының аумағында қолға түсірді. Қазіргі уақытта ұрланған қаражаттың бір бөлігі тәркіленді.