Көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша жолаушылармен кездесу өтті
Көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша жолаушылармен кездесу өтті
Ағымдағы жылдың қараша айының 24 күні Көліктегі полиция департаменті Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қзметкерлерінің ұйымдастыруымен «Аманат» партиясы өкілі, Жамбыл көлік прокуратурасының өкілі және темір жол қызметкерлерімен бірігіп Тараз станциясының темір жол вокзалында және жолаушылар поездарында жолаушы азаматтарға көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасының және шетел азаматтарына көші-қон заңнамасын және шетел азаматтарының жүріп-тұруы туралы қағидасын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік және бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу болып табылды. Тараз ст. ЖПб