Жаңалықтар

Көшпенділер ойындарында топ жарған спортшыларға 1 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті табысталды

Бұл туралы Ұлттық ат спорты федерациясы хабарлады

Дәстүрлі садақ ату федерациясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлдегер атанған спортшыларға сый-сияпат табыстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дәстүрлі садақ ату федерациясы алтын медаль иегері Жәнібек Құлмырзаевқа Астана қаласынан 1 бөлмелі пәтер, күміс медаль иегері Ербол Тапеновке автокөлік кілті, қола медаль еншілеген Қанат Қасымханға 500 000 теңге сертификаты, команданың аға жаттықтырушы Диас Ахметов 1 000 000 теңге сертификаты табысталды. Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында "Пута" нысанасына садақ атудан өткен бәсекеде Жәнібек Қалмұрзаев алтын медаль еншілесе, Қанат Қасымхан қоланы қанжығасын байлған болатын. Ал "Қалқан" нысанасына садақ атудан сынға түскен Ербол Тапенов күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өткен Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық спортшы қатысты. Олар спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салды.