сейсенбі, 1 қазан, 2024 20:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

КӘСІПКЕРЛЕР СОТТАЛҒАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА НИЕТТІ

КӘСІПКЕРЛЕР СОТТАЛҒАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА НИЕТТІ
ашық дереккөзі
КӘСІПКЕРЛЕР СОТТАЛҒАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА НИЕТТІ
Бүгінгі таңда түзеу мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі өткір. Жаза басып, жаңылғандарды өмірге қайта бейімдеу, оларға барынша қолдау көрсету – түзеу мекемелеріндегі негізгі міндеттің бірі болып табылады. Бұл ретте Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінде осы бағытта жүйелі жұмыс жоспары түзілген. Ішкі істер министрлігінің 2019–2023 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бойынша сотталғандардың 55% еңбекпен қамтылуы тиісті деген тапсырмасын басшылыққа алған мекеме бүгінде құзырлы органдармен және кәсіпкерлермен өзара тығыз қарым-қатынас орнатып отыр. Мәселен, аталған  мекеме аумағында бірнеше  жеке кәсіпкерлік субъектісі әрекет етеді. Нақтылы кезеңде әлі де болса, сотталушыларға жұмыс ұсынуға ниет білдірушілер саны артуда. №58 түзеу мекемесінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері және  «Еңбек» РМК бірлесіп кезекті рет кәсіпкерлермен кездесу өтті. «Еңбек» мемлекеттік кәсіпорны мекеменің өндіріс аймағында бос тұрған ғимараттарды алу бойынша ұсыныстарын білдіріп, жеке кәсіпкерлерді мүмкіндіктермен таныстырды. Бизнес өкілдері сотталғандарды жұмыспен қамтып қана қоймай, оларға жалақы төлеуге де дайын. Мүдделі тарапқа өндіріс орындары үшін мүмкіндіктер көрсетілді. Кәсіпкерлердің негізгі идеясы –  негізінен  ағаш бұйымдары, сонымен қатар болашақта шикізатты қайта өңдеу өндіріс орындарын ашуға ниетті. Кәсіпкерлер тарапынан қызығушылықтар туып, сантүрлі сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар қайтарылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар