Кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру және еңбек заңнамасын бұзу жағдайлары орын алды
- авторjambylinfo.kz
- 11 маусым, 2024
- 564
Шу көлік прокуратурасы Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларының қызметіне тексеру жүргізді. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 2 миллион теңгеге жуық сомаға әкімшілік хаттама толтырылып, 20-дан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Оның ішінде Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін 2 ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекторлары жазаланады және инспекциялардың жетекшілері қатаң сөгіс алуда. Сондай-ақ 60-тан аса инспекция қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз