Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге алғыс білдірді

Кәсіпкерлерге алғыс білдірді

25 қазан – Республика күніне орай «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалында түзеу мекемесінің аумағында жұмыс орындарын ашқан кәсіпкерлерді марапттау рәсімі өтті. Бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 мекемесінің аумағында келісім-шарт арқылы жұмыс жасап жатқан «Рауан», «Асима», «Алан» және «Амир» жеке кәсіпкерлергінің басшылары Алғыс хатқа ие болды. Жалпы, қазіргі таңда №58 мекемесінің аумағында 9 жеке кәсіпкерлік жұмыс істесе, онда 155 сотталған азамат еңбек етуде. Ал, тұтастай мекеме бойынша бас-аяғы 241 жазасын өтеуші «екі қолға бір күрек» тауып отыр. Маржан САҒЫНДЫҚОВА, №58 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бастығы, әділет майоры