бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кәсіпорындардың тынысы кеңейіп келеді

Кәсіпорындардың тынысы кеңейіп келеді
ашық дереккөзі
Кәсіпорындардың тынысы кеңейіп келеді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев макарон өнімдерін өндіретін «Та-Мак» фабрикасы және құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын «Жамбылгипс» АҚ кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Гүлмира Қонқашева басқаратын фабрика 2006 жылдан бастап асылған етке арналған қамырларды «Арзу» маркасымен шығарып, танымал болған. Мұнда макарон және түрлі кеспелер өндіріледі.

Бүгінде кәсіпорынның өрісі кеңейіп, екі ауысымда 50 адам еңбек етуде. Гүлмира Қонқашева өңір басшысына технологиялық жұмыстарды таныстырды. Орау цехындағы қызметкерлер қораптарға дайын өнімдерді өлшеп салуда. Жоғары сұрыпты ұннан лағман қамырларын өндіретін жаңа цех ашу жоспарланып отыр екен.

Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевқа кемінде тоқсанына бір рет өндірістік кәсіпорындарды аралап, қалыптасқан жағдайды мұқият зерделеуді, мәселе туындаса жәрдемдесуді тапсырды.

«Жамбылгипс» АҚ кәсіпорнына жуырда француздық «Saint Gobain» компаниясы иелік еткені белгілі. Енді өндіріс ошағына жүйелі түрде инвестиция салынуда. Директор Андрей Проченконың айтуынша,  гипсокартон шығару желісін жаңғыртуға шамамен бір миллион еуро салынған, құрғақ құрылыс қоспаларын шығару желісі 500 мың еуро қаржылай қолдауға ие болған. Жетекші еуропалық өндірушілерден заманауи ұнтақтау жабдықтары, неміс жүк тиегіштері мен алдыңғы тиегіштері сатып алынған. Бүгінгі таңда кәсіпорында 140 адам еңбек етеді. Өндіріс кеңейгендіктен тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшуді жоспарлап отыр екен.

«Парижде біздің зауытқа үлкен үміт артады. Қомақты инвестициялау және сауатты басқару арқылы кәсіпорын Еуропадағы үздік ондыққа кіре алады деп санайды», - деді Андрей Проченко.

Зауыт басшылығы Ресей және Қырғызстаннан келген тұтынушыларға дайын өнімді жөнелту үшін кәсіпорын аумағына дейін екі шақырым темір жол салу мәселесі бойынша  көмек сұрады.

Ағымдағы жылы мұнда құрғақ құрылыс қоспалары  өндірісінің көлемін 140 мың тоннаға, гипсокартон өндірісін төрт миллион шаршы метрге дейін жеткізілмек.

Фарида Базарбаева

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар