Жаңалықтар

КАЛЕНДЕРОВ: «ТОҚСЕЙІТОВ» ЖЕКЕ КӘСІПКЕРІ ОБЛЫС БОЙЫНША 82 МЕКТЕПКЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

КАЛЕНДЕРОВ: «ТОҚСЕЙІТОВ» ЖЕКЕ КӘСІПКЕРІ ОБЛЫС БОЙЫНША 82 МЕКТЕПКЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев мектебі балаларының тамақтан улану жағдайы бойынша Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров мәлімдеме жасады. Айтуынша аталған мектепті ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырған ЖК «Тоқсейітов» бұдан бөлек қала және облыс аумағында 82 мектепке қызмет көрсеткен.«ТОҚСЕЙІТОВ» жеке кәсіпкері облыс бойынша 82 мектепке қызмет көрсетеді. 25000-нан астам балаға тамақ беріп келе жатыр. Сол мектептің барлығына зерделу жұмыстарын жүргіземіз. Кеше полиция департаменті тарапынан қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кетті»- деді Нұржан Сәбитұлы.

Айта кетейік, Сарыкемер ауылы, Н.Киікбаев мектебінде 7 қараша күні жалпы саны 46 адам (44 оқушы мен 2 мұғалім) ішек инфекциясы диагнозымен Байзақ аудандық орталық ауруханасына түсті. Бұл мәселе бойынша Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.