Жаңалықтар

Калифарния сөзінде тұрды

Ол гастрольдік сапарында тағы 1 отбасыға үй берді

Калифарния лақап атымен танымал болған әнші Фархат Қали гастрольдік сапарындағы екінші қаласында кезекті баспананы мұқтаж отбасыға берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өнер иесі гастрольдік сапары алдында 21 шаһарды аралайтынын айтқан. Дегенмен, бұл сапар аясында ол жай концерт қоймай, әр қалада тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж отбасыға баспана сыйлайтынын да мәлімдеген. Осылайша әнші ат шалдырған Өскемен қаласында Айжан Тоқабаева есімді анаға кезекті пәтердің кілтін тапсырды.