жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Кальмар ойыны» қауіпті»: Британияда мұғалімдер ата-аналарға хат жазды

«Кальмар ойыны» қауіпті»: Британияда мұғалімдер ата-аналарға хат жазды
ашық дереккөзі
«Кальмар ойыны» қауіпті»: Британияда мұғалімдер ата-аналарға хат жазды
«Кальмар ойыны» телехикаясы балалар психикасы үшін аса қауіпті. Ұлыбритания ұстаздары ата-аналарға осындай ескерту хат жіберді. Өйткені киноны бастауыш сынып оқушылары көріп ғана қоймай, ондағы ойындарды мектепте қайталап жүр екен.  «Телехикая желісі бойынша ойыннан жеңілген қатысушылар өлтіріледі. Ал балалар шын өмірде сол кейіпкерлерге еліктегісі келеді. Мұндай қатыгездік біздің құндылықтарымызға қайшы. Сериалды балаңызға көрсетпеңіз, зорлық-зомбылық насихаттайтын контенттен аулақ ұстаңыз» делінген хатта. Ұстаздар, сондай-ақ ересектерді интернеттен төнген қауіпке бірге қарсы тұруға шақырды. Алдағы уақытта ғаламтордан келген қажетсіз ақпаратқа қалай төтеп беру керектігін үйрететін семинарлар өткізу жоспарланып отыр.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар