Жаңалықтар

Камчаткада тағы да жер сілкінісі тіркелді

6,5 магнитудалы күшті жер сілкінісі болды

Камчаткада тағы да жер сілкінісі тіркелді, Jambylinfo.kz

Күні кеше Камчаткада – Ресей территориясында орналасқан Евразияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі түбекте – 6,5 магнитудалы күшті жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Петропавловск қаласынан 97 км қашықтықта, 48 км тереңдікте орналасқан деп хабарлады Ресей Ғылым академиясының Камчатка филиалы.

Петропавловск қаласында дүмпу қарқындылығы 5 баллға жеткен. Көптеген тұрғындар қорқыныштан көшеге жүгіріп шыққан.