Камера алдында қоқыс тастағандар: Полиция заң бұзған азаматтарды көрсетті
- авторjambylinfo.kz
- 25 наурыз, 2025
- 703
Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы екі айында қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзудың 6931 дерегі анықталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"6813 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астанада осындай 15 жағдай тіркеліп, 12 азаматқа айыппұл салынды", – делінген хабарламада.
Полиция бейнекамералар арқылы қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтіп жатқанын еске салды. Елде мұндай құрылғылардың саны жыл сайын артып келеді.
"Әсіресе елордадағы бақылау жүйесінің кеңейіп жатқанына назар аудару қажет. Қазіргі таңда Астанада 207 мың камера орнатылған, оның 36 мыңы жедел басқару орталығына қосылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2000 камераға көп", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Құқық қорғау органдары бұл шаралар қаланың қауіпсіздігін арттырып, экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






