Жаңалықтар

Карусель құлап 16 адам жарақат алды

The final spritzer

Карусель құлап 16 адам жарақат алды

  Қытайдың Хунань провинциясындағы саябақта құлаған карусель 16 адамды жарақаттады. 13 ақпанда Қытайдың Хунань провинциясы Шаоян округіндегі ауылдық ойын алаңында ірі апат болды. «Биікте ұшу» деп аталатын айналма карусельдің орындықтары арқанынан үзіліп кетіп, жерге құлаған. Апаттан 16 адам зардап шекті, оның ішінде 3 адам ауыр жарақат алды. Оқыс оқиғадан кейін ойын алаңы жабылды. Қазір жергілікті полиция апаттың себептерін анықтауға кірісті.