бейсенбі, 29 мамыр, 2025 10:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Кастет қайдан шықты?" – Прокурор соттағы күтпеген мәлімдемеге шүйлікті

"Кастет қайдан шықты?" – Прокурор соттағы күтпеген мәлімдемеге шүйлікті
Фото: youtube.com
6 мамыр күні өткен сот отырысында Дархан Әскентайдан жауап алынды. Айыпталушының айтуынша, оны Шерзат кастетпен ұрған.

Бұған дейін оның соққы жасағаны белгілі болғанымен, кастет жайлы ешкім тіс жармаған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шерзат Полат бұған дейін ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевқа Дархан Әскентай оның анасын балағаттаған соң, оны ұрғанын айтқан. Әскентай бұл айыптауды жоққа шығарды.

"Шерзат сыртқа шыққанда ашулы болды. Мен әкесіне бірдеңе айттым деп ойлаған сияқты. Сол кезде мен: 'Кел, әкеңнен сұрайық', – дедім. Сосын оның қолында кастет бар екенін көрдім. Ол мені ұрды, мен 2–3 метрге ұшып кеттім", – деді айыпталушы.

Прокурор Дана Сарсенбай Әскентайдың бұл жайлы алғаш рет айтып отырғанына наразылық білдірді.

"Неге бұған дейін айтпадыңыз? Тек қазір ғана есіңізге түсті ме?" – деп сұрады мемлекеттік айыптаушы.

Әскентай бұл туралы басында дұрыс жауап бере алмағанын, өйткені "оған қысым көрсетіліп, балағатталғанын" айтты.

Осы сұрақтардан кейін айыпталушылардың адвокаттары прокурор Дана Сарсенбайды істен шеттету туралы өтініш жасады. Олар оны "эмоционалды сұрақтар қойып, қысым көрсетуде" деп айыптады. Алайда Сарсенбай бұл айыптауларды негізсіз деп есептейтінін айтты. Оны екінші прокурор мен жәбірленушілердің адвокаттары қолдады. Судья Ержан Жанұзақов бұл өтінішті қанағаттандырмады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар