жексенбі, 24 қараша, 2024 4:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Казиноға барған 17 полицей қызметінен қуылды

Казиноға барған 17 полицей қызметінен қуылды
ашық дереккөзі
Казиноға барған 17 полицей қызметінен қуылды
Қазан айында прокурорлық тексеруден кейін казиноға барған 305 мемлекеттік қызметкердің 88-і Ішкі істер министрлігінің қызметкері екені анықталған еді. Ведомство аталған жайтқа байланысты тексеріс жүргізіп, өз қызметкерлеріне тиісті жаза қолданды, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған қызметкерлерге қатысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тәртіптік шаралар қолданылды.  17 қызметкер жұмысынан босатылды», - делінген ІІМ баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ барлық бөлімше басшыларымен және жеке құраммен заң талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілген.
«Бұл талаптар қызметкерлерге де, мемлекеттік қызметкерлерге де ұсынылады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысының прокуратурасы 305 мемлекеттік қызметкердің құмар ойынға 507 млн теңге жұмсағаны хабарланған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жекелеген мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу мәселелері бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар