Жаңалықтар

Казиноға барған 17 полицей қызметінен қуылды

Казиноға барған 17 полицей қызметінен қуылды

Қазан айында прокурорлық тексеруден кейін казиноға барған 305 мемлекеттік қызметкердің 88-і Ішкі істер министрлігінің қызметкері екені анықталған еді. Ведомство аталған жайтқа байланысты тексеріс жүргізіп, өз қызметкерлеріне тиісті жаза қолданды, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ барлық бөлімше басшыларымен және жеке құраммен заң талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысының прокуратурасы 305 мемлекеттік қызметкердің құмар ойынға 507 млн теңге жұмсағаны хабарланған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жекелеген мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу мәселелері бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.