Жаңалықтар

"Әке-шешесі өлтірген". Екі ай бұрын жоғалған 14 жасар қыздың денесі табылды

"Әке-шешесі өлтірген". Екі ай бұрын жоғалған 14 жасар қыздың денесі табылды

Талдықорғанда екі ай бұрын жоғалған Карина Дарохинаның денесі табылды, деп хабарлайды Жамбылинфо  EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның көптен бері мектепке бармай, хабар-ошарсыз кеткенін өз әкесінің туыстары байқап, анасына сұрау салған. Полицияға арыз жазуға келген анасы оның қарашадан бері жоқ екенін айтқан. Тергеу барысында әйел екінші күйеуімен қызды қасақана өлтіргенін мойындап, мүрдесін жасырған жерді көрсеткен.

Қазір олар уақытша ұстау орнына қамалды.