жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Келесі жылдан бастап қазақстандық жүк көліктері Қытайға рұқсатсыз өте алады

Келесі жылдан бастап қазақстандық жүк көліктері Қытайға рұқсатсыз өте алады
Pixabay.com
Бұл шешім екі ел арасындағы жүк айналымын жеңілдетіп, көлік логистикасын жеделдетпек.

Қазақстан мен Қытай арасындағы автотасымал саласында жаңа кезең басталмақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Екі ел құзырлы министрліктерінің келіссөзі нәтижесінде рұқсат бланкілерін берудің шектеусіз жүйесіне көшу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Биыл 6–12 қараша аралығында Қытай тарапы Қазақстанға 15 мың рұқсат бланкін береді. Осы кезеңде қазақстандық тасымалдаушылардың нақты тәуліктік сұранысы анықталып, оның негізінде рұқсаттар күн сайын автоматты түрде берілетін жүйе іске қосылады.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылдан бастап рұқсат бланкілеріне қойылған сандық шектеу толығымен жойылады. Сол кезде Қытайға электронды кезек арқылы кіретін, бұрын заң бұзушылық жасамаған барлық көліктерге рұқсат автоматты түрде беріледі.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар