сейсенбі, 1 қазан, 2024 12:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Келесі жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады

Келесі жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады
ашық дереккөзі
Келесі жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады
2023 жылдан бастап қанатқақты режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізіледі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты. Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Бұл құжатта аталған сайлауға қатысты тиісті нормалар ескерілген. «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін тағайындау Мемлекет басшысының баламалы негізде мәслихат қарауына кемінде екі кандидатура ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Былтыр ауылдар мен кенттер әкімдерін сайлау өткізілді. Ал 2023 жылдан бастап қанатқақты режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізілетін болады», - деді А. Мұқанова заң жобасын таныстыру барысында. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 1 қыркүйекте жариялаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар