Жаңалықтар
«Келіндері қуып жіберген...»: 74 жастағы қария теміржолда түнеп жүр
- авторjambylinfo.kz
- 22 қаңтар, 2023
- 255
«Келіндері қуып жіберген...»: 74 жастағы қария теміржолда түнеп жүр
74 жастағы қарияны үйден қуып шыққан. Ол 2 күннен бері теміржол төңірегіндегі шағын ғимаратта түнеп жүр, деп хабарлады Экспресс К.
Қарт кісінің хәл-жайы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада оны келіндері үйден қуып шыққаны айтылады. Тіпті теміржол қызметкерлері өздерінің шағын ғимаратында 2 күннен бері түнетіп жүр екен.
Келіндері қуып жіберген. Асқазаны ауырады. Тамақ ішпейді. Кім көмектесе алады? Қарттар үйіне баруға келісіп отыр. Сол жаққа орналастыруға қол ұшын созсаңыздар. Бала-шағасы бар, бірақ тастап кеткен, - дейді бейнежазба авторы.Кейін қария өзін толық таныстырады. Айтуынша, 1949 жылы туылған. Аты-жөні – Жусанбай Оңғарбаев. Шу қаласының тұрғыны екен.
Туысқандары, танып жатсаңыздар, көмектесіңіздер! Баласы Алматыда дейді, есімі – Оңғарбаев Айдын. Ештеңе жеген жоқ. Ұйықтайды, отырады, - деп аяқтады ол сөзін.Бейнежазбаға жазылған пікір көп. Басым бөлігі әке-шешенің қадірін білмеген ұрпақты сынға алып жатыр. Тіпті арасында өз үйіне алуға ұсыныс қалдырғандар да бар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Procedure for Dating a Girl
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2025