Жаңалықтар

«Келіндері қуып жіберген...»: 74 жастағы қария теміржолда түнеп жүр

«Келіндері қуып жіберген...»: 74 жастағы қария теміржолда түнеп жүр

74 жастағы қарияны үйден қуып шыққан. Ол 2 күннен бері теміржол төңірегіндегі шағын ғимаратта түнеп жүр, деп хабарлады Экспресс К. Қарт кісінің хәл-жайы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада оны келіндері үйден қуып шыққаны айтылады. Тіпті теміржол қызметкерлері өздерінің шағын ғимаратында 2 күннен бері түнетіп жүр екен.

Кейін қария өзін толық таныстырады. Айтуынша, 1949 жылы туылған. Аты-жөні – Жусанбай Оңғарбаев. Шу қаласының тұрғыны екен.

Бейнежазбаға жазылған пікір көп. Басым бөлігі әке-шешенің қадірін білмеген ұрпақты сынға алып жатыр. Тіпті арасында өз үйіне алуға ұсыныс қалдырғандар да бар.