Жаңалықтар

Келіссөз барысында ArcelorMittal 3,5 миллиард доллар сұратқаны белгілі болды

Келіссөз барысында ArcelorMittal 3,5 миллиард доллар сұратқаны белгілі болды

«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы Андрей Лаврентьев өз жұмыстарына алдағы бір-екі күнде кіреседі. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде болған баспасөз брифингінде өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Министрддің сөзінше, жаңа инвестор 1-2 күнде активті басқаруға алады.

Келісім аясында АМТ қызметін талдау және бағалау үшін халықаралық консультанттар тартылған. Келіссөздер процесі жалпы 11 раундқа созылып, оның жетеуі 2023 жылдың қыркүйегінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылғаннан кейін өткенін айтты.