«ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ
«ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ
«Әкем, анам және мен». Бүгін осындай атаумен Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы №30 мектеп-гимназиясында отбасылық сайысы өтті. Байқау отбасының бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсартуға, ауызбірлікке, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, адамдарды тани білуге бағытталған. Шараға қатысқан 7 отбасы қызықты ойындарға қатысып, спорт түрлерінен шымырлықтарын көрсетті. «Әкем, анам және мен – салауатты отбасы» сайысы – әскери отбасыларды спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі. Бұл жарыстың тәрбиелік маңызы зор, - деп ойлаймын» - дейді әділ қазылар алқасының мүшесі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркебаева Айнұр Ерденбекқызы. «Шынықсаң шымыр боласың» демекші кей отбасылардың спортқа қаншалықты жақын екені белгілі болды. Себебі, бір отбасылар белсенді болса, екіншісі спорттық тұрғыда шыныққан екендіктерін көрсетті. Спорт – денсаулық кепілі десек, «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы жанұялық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден жарысқа қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлады. Отбасылық спорттық сайыс «Допты кедергілер арасымен алып жүру», «Қырық аяқ ойыны», «Батут арқылы секіру», «Шеңбер арқылы жүгіру», «Қаппен секіру» сынды қызықты кезеңдерден тұрды. Жарыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Омаровтар отбасынан құралған «Қыран» тобы иеленді. Ал І орын «Байрақ» тобына,яғни, Бейсенбаевтар жанұясына бұйырды. Жүлделі ІІ және ІІІ орындарды «Қыран» және «Сұңқар» топтары иеленді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ш.Мұртаза атындағы №30 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркебаева Айнұр Ерденбекқызы