Жаңалықтар

Кентауда фастфудтан 168 адам уланып, ауруханаға түсті

Кентауда фастфудтан 168 адам уланып, ауруханаға түсті

Түркістан облысында 168 адам астан уланып, ауруханаға түсті. Олар 6-9 қазан аралығында Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінен тапсырыспен суши, пицца, фри және чикен алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Айта кетейік, биылғы айында дәл осы дәмхандан фаст-фуд тағамдарын жеген 8 адам астан уланып, ауруханаға түскен болатын. «Жалпы 145 науқас келіп тіркелді. Оның 98-і ауруханаға жатқызылды. 47 науқас амбулаторлық деңгейде тексерілуге жіберілді. Түркістан қаласына 31 науқас жатқызылды. Кентау қаласына 67 науқас жіберілді. Оның ішінде 5 жүкті әйел мен 33 бала бар. Бәрінің жағдайы бүгінгі таңға орташа ауырлықта. Бүгін жағдайы жақсарған науқастар үйлеріне жіберіледі», - дейді Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова.