жұма, 20 қыркүйек, 2024 8:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әкесі қызын 25 жылдан кейін тапты

Әкесі қызын 25 жылдан кейін тапты
Сурет ашық дерекөзден алынды
Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалғандар орталығының тұрғыны Базарбай Алахметов қызы Әйгерімді іздеп жүрген еді, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Базарбай Жолдыбайұлы қызы Әйгерім Базарбайқызын көрмегеніне 25 жылдың жүзі болған. Қызын 25 жыл көрмеген әке Әйгерімді Меркі ауданында әлдебір балабақшада тәрбиеші қызметін атқаратынын ғана біледі. Бірақ Меркі ауданының қай ауылында тұратынынан бейхабар. Оның үстіне денсаулығы сыр беруіне байланысты іздеуге мұршасы болмаған.

Күні кеше ғана әкесі іздеп жүрген Әйгерім jambylinfo.kz-тің тілшісіне қоңырау шалды.

 – Әкемді көрмеген 25 жыл ішінде ойымнан бір рет те шығарған емеспін. Сол сәтте кішкентай ғана қыз болсам да, әкемнің жақсы қасиеттерін ұмытпадым. Мен Құдай емеспін. Бұл тағдыр. Бірнеше жыл бұрын анам дүниеден озды. Енді ең жақын адамым әкемді жоғалтқым келмейді. Әкемді ешкімге жәутеңдетіп қоймаймын. Келесі аптада алып кетемін - деді қыз. 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар