Кейінгі төрт жарым жылда үйдегі зорлық зомбылықтан 869 адам көз жұмған
Кейінгі төрт жарым жылда үйдегі зорлық зомбылықтан 869 адам көз жұмған
Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Оның сөзінше, бүгінгі статистика көңіл көншітпейді. Сол аралықта көз жұмғандармен қатар, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 2086 фактісі тіркелген.
Мемлекет сол себепті отбасыларға жан-жақты көмек көрсету үшін өңірлерде 68 Отбасын қолдау орталығын ашқан. Оның 19-ы уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Бұл тәжірибе 2019 жылдан бері бар. Екіншіден, профилактикалық жұмыстардың негізі – отбасын саналы түрде құруға мүмкіндік жасау. Осыған орай, БҰҰ Халық қорымен бірлесіп Астана мен Шымкент қалаларында пилоттық жоба іске қосылған. Онда неке қиюға өтініш білдірген азаматтарға отбасын жоспарлау, психология, репродуктивті денсаулық, ортақ бюджетті жоспарлау және басқа да маңызды мәселелер бойынша тегін кеңес беріледі.