Соның ішінде кибербуллинг — интернет арқылы қорлау, мазақ ету немесе жалған ақпарат тарату — қоғамда алаңдатарлық құбылысқа айналды. Бұл мәселе тек жеке адамға ғана емес, жалпы қоғамдық өмірге, жастар мен еңбек ресурстарының психологиялық тұрақтылығына әсер етеді.
Психолог маманы Қарлығаш Тамабекқызы кибербуллингтің әсерін былай түсіндіреді: «Кибербуллинг адамның өзін-өзі бағалауына, эмоциялық тұрақтылығына және қоғамға деген сеніміне үлкен нұқсан келтіреді. Мұндай қысымға түскен балалар тұйықталып қана қоймай, болашақта әлеуметтік ортадан қашқақтауға бейім болады». Бұл пікір қоғамдағы жағдайдың ауырлығын көрсетеді, өйткені жас буынның психологиялық жарақаты тек жеке өміріне емес, оның әлеуметтік қатынасына да әсер етеді.
Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер кибербуллингтің негізгі құрбандары болып саналады. Олар әлеуметтік желілерде қорланған жағдайда психологиялық стресске ұшырап, сабаққа барудан бас тартуы, достарымен араласудан қашуы және ұйқысының бұзылуы мүмкін. Уақыт өте келе мұндай тәжірибе олардың сенім мен эмоционалдық тұрақтылығына ұзақ мерзімді зиян келтіреді.
Кибербуллингтің әсері тек жеке адамдарға ғана емес, қоғамға да байланысты. Мамандардың айтуынша, интернеттегі қорқыныш пен сенімсіздік ашық пікір алмасуды төмендетеді. Адамдар интернеттегі қарым-қатынаста өз ойларын білдіруден қорқып, ашық диалог жүргізуге бейім болмайды. Бұл онлайн мәдениеттің әлсіреуіне, агрессия мен төзімсіздіктің қалыптасуына алып келеді. Мұндай ортада өскен жастар агрессивті мінез-құлықты қалыпты деп қабылдап, оны күнделікті өмірде қайталауы мүмкін.
Сонымен қатар, кибербуллинг жұмыс орындарында да өз салдарын тигізеді. Қызметкерлер арасындағы интернеттегі жанжалдар еңбек өнімділігін төмендетіп, ұжым ішіндегі атмосфераны нашарлатады. Ұйымдардың тиімділігі төмендеп, қызметкерлердің психологиялық жай-күйі бұзылады.
Кибербуллингпен күресу үшін қоғамда құқықтық және тәрбиелік шараларды үйлестіру маңызды. Ата-аналар балаларымен ашық сөйлесіп, олардың онлайн өміріне мән беруі тиіс. Мектептерде ақпараттық сауаттылық сабақтарын өткізу, жастарға интернеттегі қауіптерді түсіндіру, жауапкершілік пен құрмет құндылықтарын қалыптастыру қажет.
Эксперттер атап өткендей: «Кибербуллингтің алдын алу тек жеке адамдардың жауапкершілігі емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Интернет -қазіргі заманның ажырамас бөлігі, сондықтан оны әділ, қауіпсіз және мейірімді ортаға айналдыруға барлығы жауапты», - дейді маман.
Қорытындылай келе, кибербуллингтің қоғамға тигізетін әсері көпқырлы: жеке тұлғаның психологиялық жағдайын, әлеуметтік сенімін, онлайн мәдениеттің сапасын және еңбек өнімділігін төмендетеді. Сондықтан әрбір азамат, ата-ана және ұйым бұл қауіптің мәнін түсініп, қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастыруға атсалысуы қажет.
Балалар арасындағы агрессия мен төбелестің себебі неде?
Ұқсас жаңалықтар
Жеке клиникада МӘМС бойынша медициналық қызметтерді қалай алуға болады?
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Балалар арасындағы агрессия мен төбелестің себебі неде?
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025





