Әкімдер басшылық қызметінен босатылды
Әкімдер басшылық қызметінен босатылды
«Аманат» партиясының облыстық және аумақтық филиалдарында партия конференциялары өткені хабарланды. Күн тәртібінде филиалдардың 2022 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ әкімдерді филиал төрағалары қызметінен босату мәселесі қаралды. Партия наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарында қызмет атқаруына заңды түрде тыйым салу қажеттігін айтқанын атап өтті. Қараша айының басында заңнамалық актілерге тиісті түзетулер қабылданды.
Дереккөз: halyq-uni.kz сайтынан