жұма, 11 қазан, 2024 21:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әкімдер мен министрлердің халықпен кездесулерін бағалау өлшемшарты әзірленді

Әкімдер мен министрлердің халықпен кездесулерін бағалау өлшемшарты әзірленді
ашық дереккөзі
Әкімдер мен министрлердің халықпен кездесулерін бағалау өлшемшарты әзірленді
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуіне қатысты тапсырмалар берді. «Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мәселелерді жедел шешуге баса назар аудара отырып, өткізілетін кездесулердің нәтижелігін арттырсын. Көтерілген мәселелерді шешіп, нысаналы топтармен тұрақты кездесулер өткізуді тәжірибеге алу керек. Ұлттық экономика министрлігі мен Ақпарат министрлігі халық көтеретін барлық мәселелерді жүйелесін және осы проблемаларды шешу жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспарын бекітсін», - Ә. Смайылов. Үкімет басшысы өңір әкімдері республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша тиісті құжаттарды дайындауды тездетіп, бюджеттік өтінімдерді орталық мемлекеттік органдарға енгізуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру немесе нақтылау кезінде кездесулерде халық көтеретін мәселелерді ескеру қажет. «Ұлттық экономика, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау үшін әкімдер мен министрлердің халықпен кездесулерін бағалау критерийлерін әзірлесін. Нәтижесін Үкіметте жүйелі түрде қарайтын боламыз», - деді Премьер-Министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет басшысы кейбір өңірлерде басшылар халықпен кездесудің жаңа форматына бейімделмей, ескі сүрлеуден шыға алмай отырғанын сынады. Үкімет отырысында биылдан бастап орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының өңірлерге барып, халықпен жүзбе-жүз кездесу өткізудің жаңа тәртібі жүзеге асырылып жатқаны айтылды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар