Үкімет басшысы Олжас Бектенов Президентке есеп берді
- авторjambylinfo.kz
- 18 мамыр, 2024
- 586
Президент Қасым Тоқаевқа Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою және табиғат апатынан зардап шеккен, ең алдымен, эвакуациялық пункттердегі азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады, -деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Мемлекет басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берген.
Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті.
"Сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу және жұртшылықтың орынды талап-тілегін орындау жөніндегі мемлекеттік саясат пен қабылданып жатқан шараларды нақты түсіндіруге тиіс. Сонымен қатар Үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек", деп тапсырма берген президент.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз