Үкімет қосымша құн салығын 16 пайызға көтеруді ұсынды: бұл қаншалықты тиімді?

Астанада министрлер кабинеті бизнес өкілдерімен кездесіп, қосымша құн салығының (ҚҚС) жаңа мөлшерлемелері бойынша ұсыныстарды талқылады.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, Үкімет ҚҚС-тың үш деңгейлі жүйесін енгізуді жоспарлап жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жалпы мөлшерлеме 16% болып белгіленсе, кейбір салалар үшін 10% мөлшеріндегі жеңілдетілген ставка қарастырылады. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ҚҚС-тен толық босатылады.
Қазіргі таңда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейді, ал заңды тұлғалар салықтық жеңілдіктердің арқасында бюджетке тек 30%-ын ғана төлеп отыр. Жаңа жүйе бойынша бұл сала толықтай салықтан босатылады, бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ал 10% мөлшерлемесі қолданылатын салалар әлі де бизнес қауымдастығымен талқылануда.