"Сүйінші": Ұлттық қордан әр балаға 129,38 доллардан бөлінді
- авторИндира Тәліпқызы
- 30 қаңтар, 2025
- 1.6k

"Ұлттық қор балаларға" бағдарламасы іске қосылған екі жыл ішінде әр баланың есепшотына жалпы 232,94 АҚШ доллары жинақталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қазақстан Ұлттық Банкінің хабарлауынша, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарына кезекті қаржы аударылады.
"Бағдарлама аясында әр балаға 129,38 АҚШ доллары бөлінді. Барлық қатысушыға төленген жалпы сома – 888,8 млн АҚШ доллары. 2024 жылдың аяғында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 921 035 болды. Жыл сайынғы аударым мөлшері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтеріне және оның ұзақмерзімді инвестициялық табысына байланысты болады. Қаражаттың жартысы осы табыстан бөлінеді. Сонымен қатар, балалардың шотына аударылған қаражат Ұлттық қордың инвестициялық портфелінде сақталып, қосымша табыс әкеледі. 2025 жылғы 31 қаңтарда осы ақпаратты eGov mobile мобильді қосымшасынан және kids.enpf.kz сайтынан алуға болады", делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
Естеріңізге салайық, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы алғашқы төлемдер 2024 жылы жүргізілген еді. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары бөлінген. Бұл қаражат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 жасқа толмаған балаларға аударатын міндеттемесі.
Қазақстан спортшылары IX қысқы Азия ойындарына аттанды
Ұқсас жаңалықтар
Таразда көпқабатты үйдегі өрттен 23 тұрғын эвакуацияланды
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 11:29